СООВ «Кристалл» 2 м3/час

3 950 000 

Өнімділік қуаты 2 м³/сағ болатын автокөлік жууға арналған ағынды суды тазарту

Автокөлік жуу орнынан шыққан ағын сулар алдын ала тазартуға арналған жер асты құрылғыларынан өтеді. Бұл құрылғыларға құмтұндырғыш пен майұстағыш жатады. Осыдан кейін ағынды сулар қысымды кәріз құбыры арқылы су тазарту жабдығына түседі. Бұл жабдықтың бірінші сатысында май қосындылары мен ірі агрегацияланған ластаушылар ұсталады. Ал екінші сатысында суға коагулянт енгізіліп, ол көбік түзетін реактор сыйымдылығына түседі.  Бұл сыйымдылықта аэрациялық жабдық пен коагулянттың әсерінен ұсақ коллоидтық ластаушылар ірі конгломераттарға бірігіп, суда қалған жуғыш заттар көбіктеніп, судың беткі қабатына жиналады. Жиналған көбік арнайы шығару құбыры арқылы әкетіледі. Келесі кезеңде ірі қосындылары бар су қысым сорғысының әсерінен механикалық тазарту бағанына түседі. Бұл бағанда көп қабатты сүзгі жүктемесінен өткен кезде судан 30 микроннан асатын рейтингі бар барлық механикалық ластаушылардан тазартылады. Содан кейін, тазартылған су 5 микрон тазарту дәрежесі бар, ВВ20 картридж түріндегі механикалық тазарту сүзгісі арқылы өтеді және жинақтаушы бакқа жиналады. Осы бактан су сорғы станциясының көмегімен қайтадан автокөлік жуу сорғыларының қоректендіру сыйымдылығына қайтарылады.

Техникалық сипаттамалар

  • Бастапқы судығ температурасы–  +5°С-тан  +40°С-қа дейін
  • Сүзі режиміндегі бастапқы суды тұтыну– шамамен 2 м3/сағ
  • Дренажға ағызылатын концентрат көлемі – 10%
  • Модульдегі өлшемдер: ұзындығы– 2800 мм, ені – 1400, биіктігі — 2000мм (модуль күйінде жинауға болады немесе жеке-жеке орнатылады)
  • Қуат кернеуі– 220 В, 50 Гц
  • Қуатты тұтыну– 2.1 кВт
  • Қондырғының салмағы– шашамен 800 кг

Жабдықтың құрамына келесі кезеңдерден тұратын көп сатылы су тазарту жүйесі кіреді:

  1. Құм мен қиыршық тастың үлкен фракцияларын жинауға арналған май бөлгіш және науа;
  2. Коагулянтты мөлшерлеуге арналған жабдық;
  3. Аэрациялық жабдығы бар көбік түзетін реактор сыйымдылығы;
  4. Ағын сулардың қысымын арттыруға арналған сорғы;
  5. Суды механикалық тазартуға арналған баған, тазалау дәрежесі – 30 мкм-ге дейін;
  6. Тазартылған суды жинауға арналған жинақтаушы сыйымдылық;
  7. Механикалық тазалау сүзгісі, тазалау дәрежесі 5 мкм дейін;
  8. Суды айдау сорғы станциясы;